2021 жылдың мамыр айында Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 наурыз аралығындағы қызметі кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.
Жалпы, Кәсіпорын қызметі өз жарғысының мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес келеді.
Сонымен бірге, аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік тапсырма мен ғылым жобаларын іске асыру, ішкі бизнес-рәсімдерді ұйымдастыру, бухгалтерлік есебін жүргізу, активтер пайдалану және соны есепке алу бойынша Кәсіпорын қызметінде қаржы және процедуралық бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бақылауды күшейту және Кәсіпорын қызметі барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша пәрменді шаралар қабылдау объектісіне және мүдделі ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелеріне тиісті ұсынымдар берілді.