2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті 2018 жылдан бастап 2020 жылдың 3-тоқсанына дейінгі кезең бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің бюджет қаражатын және мемлекет активтерін басқару және пайдалану тиімділігіне аудит жүргізді.
Жалпы, Қоғамның қызметі ұйымның Жарғысында көзделген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді.
Сонымен қатар, жүргізілген аудит квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіне және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға әсер ететін бірқатар кемшіліктердің бар екенін көрсетті.
Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында аудит объектісіне және Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне бақылауды күшейту және бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар жолданды.