2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционрелік қоғамында (бұдан әрі – Университет) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.
Университет қызметінің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және зерттемелерді коммерциялау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Жалпы, Университеттің қызметі оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, жүргізілген аудит квазимемлекеттік сектор объектісі қызметінде бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктердің бар екенін көрсетті.
Белгіленген бұзушылықтар негізінен қаржылық тәртіпті сақтамаумен байланысты.
Нәтижелері бойынша, аудит объектісіне және ҚР БҒМ мүдделі құрылымдық бөлімшелерге бұзушылықтарды және олардың туындауына ықпал ететін себептерді жою жөнінде ұсынымдар мен тапсырмалар жіберілді.