2021 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес ҚР БҒМ ҒК «Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы» РМК (бұдан әрі – Мұражай) және ҚР БҒМ «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана» РМК (бұдан әрі – Кітапхана) Ішкі аудит департаменті 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап 2021 жылғы 31-наурызды қоса алғандағы кезеңге ішкі аудит жүргізді.
Ішкі аудиттің мақсаты: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тарихи және мәдени мұра ұйымдары қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестігі.
Жалпы, аудит объектілерінің қызметі жарғы мақсаттарына сәйкес келеді, негізгі бағыттары жүзеге асырылуда.
Аудит барысында жекелеген қаржылық бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктер анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша Мұражай мен Кітапханаға бұзушылықтарды жою және оларды болдырмауға ықпал ететін ұсыныстар мен тапсырмалар жолданды.