2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ «Ақпараттық – талдау орталығы» АҚ-да (бұдан әрі – Қоғам) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 шілде аралығындағы кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.
Қоғам қызметінің мақсаты мемлекеттік білім беру саясатын сапалы талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және отандық білім беруде үздік әлемдік практикаларды зерделеу мен тереңдетудің тетіктерін жасау болып табылады.
Жалпы, қоғамның қызметі оның жарғысында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді, қызметтің негізгі бағытары жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, аудитпен жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Нәтижелері бойынша, аудит объектісіне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге бұзушылықтарды және олардың туындауына ықпал ететін себептерді жою жөнінде ұсынымдар мен тапсырмалар жіберілді.