Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2021 жылғы I жартыжылдағы 10 аудиторлық іс-шара 11 мемлекеттік аудит объектілерінде жүргізілді, олар:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ;
2) «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
3) «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК;
4) «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК;
5) «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК;
6) «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ;
7) «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК;
8) «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ;
9) «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» КеАҚ;
10) «Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана» РММ және «Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы» РММ.
Оның ішінде, 3 объектінің («Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» КеАҚ, «Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана» РММ және «Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы» РММ) аудит материалдары іске асыру сатысында.
Жалпы ү.ж. І жартыжылдықта аудитпен қамтылған сома 70 459,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде бюджеттік қаржы сомасы – 37 963,0 млн.теңге, квазимемлекеттік субъектілерінің активтері – 32 496,0 млн.теңге.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 16 749,7 млн.теңгені немесе аудитпен қамтылған қаражаты жалпы көлемінің 23,8%-ын құрады, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар – 13 688,0 млн.теңге;
- рәсімдік бұзушылықтар – 3 061,7 млн.теңге.
Аудит нәтижесінде 87,5 млн.теңге республикалық бюджетке өтелді, есеп бойынша қалпына қайта келтірілген сома – 124,4 млн.теңге.