Ішкі аудит департаменті 2020 жылғы желтоқсан – 2021 жылғы қаңтар аралығында «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ-та (бұдан әрі – Университет, ҚазҰТЗУ) тиімділік аудит жүргізілді.
Университетінің қызметі өз жарғысында қарастырылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді. Аудит нәтижелері бойынша жекелеген қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар, аудитпен қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың тиімділігіне әсер ететін ҚазҰТЗУ қызметінде жекелеген кемшіліктер анықталды.
Анықталған рәсімдік бұзушылықтар Университеттің Даму жоспарын жүзеге асыруға, жатақхананы қайта құруға, жекелеген жатақханалардың қанағаттанарлықсыз жағдайына және қаржылық тәртіпті сақтамауға байланысты.
Университет қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында аудит объектісіне және ҚР БҒМ мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне белгіленген тәртіппен Университеттің Дамыту бағдарламасын әзірлеу, объектінің ішкі бақылау жүйесін және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін күшейту бойынша ұсынымдар берілді.