ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» РМҚК-да ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы туралы

2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» РМҚК-да (бұдан әрі – Орталық) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы қызметі кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.

Орталық қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында Болон процесінің қағидаттарын іске асыруды әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық (сараптамалық) қамтамасыз ету болып табылады.

Жалпы, орталықтың қызметі оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді.

Аудитпен жекелеген қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Нәтижелері бойынша, аудит объектісіне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге бұзушылықтарды және олардың туындауына ықпал ететін себептерді жою жөнінде ұсынымдар мен тапсырмалар жіберілді.

Дата публикации
01 апреля 2021