Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-та (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 маусым аралығындағы қызметі кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.
Жалпы, Орталық қызметі жарғысының мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес келеді.
Сонымен бірге, аудит нәтижелері бойынша ішкі бизнес-процедулар және соны регламенттелмеу, мемлекеттік тапсырманы/тапсырысты орындау, ақпараттық жүйлерді әзірлеу мен пайдалану бойынша Орталықтың қызметінде қаржы және процедуралық бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Аталған және басқа бұзушылықтар Орталықтың басшылық құрамының бақылауы төмендігі және нормативтік-құқықтық актілерді әр түрлі түсінуі салдырынан қабылданған қате шешімдермен байланысты.
Орталық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бақылауды күшейту және Орталық қызметі барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша пәрменді шаралар қабылдау объектісіне және мүдделі ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелеріне тиісті ұсынымдар берілді.