Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ-та (бұдан әрі – Университет) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 қазан аралығындағы қызметі кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.
Жалпы, Университеттің қызметі жарғысының мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес келеді.
Сонымен бірге, аудит нәтижелері бойынша активтер сақталу мен пайдалану және соны есепке алу, бухгалтерлік есебін жүргізу, мемлекеттік сатып алу, өнім берушілермен келісім-шарттарын орындалу, білім процесін үйлестіру бойынша Университеттің қызметінде қаржы және процедуралық бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Аталған және басқа бұзушылықтар Университеттің басшылық құрамының тиісті бақылау және құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың төмен болуынан пайда болды.
Университет қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бақылауды күшейту және Университет қызметі барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша пәрменді шаралар қабылдау объектісіне және мүдделі ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелеріне тиісті ұсынымдар берілді.