2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес
Ішкі аудит департаменті 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі мәтін бойынша - Орталық) бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқару және пайдалану тиімділігіне аудит жүргізді.
Орталық қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында білім беру сапасын арттыруды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделін енгізу болып табылады.
Жалпы, Орталық қызметінің бағыттары оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырмаларды іске асыру кезінде жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Орталыққа бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар жолданды.