2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, ішкі аудит департаменті 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» РММ – ге (бұдан әрі - Комитет) «Террористік белсенді аймақтардан оралған кәмелетке толмағандарды дерадикализациялау және оңалту жөніндегі қызметті ұйымдастыру» жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша тиімділік аудитін жүргізді.
Жобаны іске асыру барысында өңірлерде балалар мен олардың ата-аналарын Оңалту орталықтары құрылды, оларды әлеуметтендіруге, ересектерді жұмысқа орналастыруға, мамандықтар алуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-медициналық және құқықтық көмек көрсетілді.
Республикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі аудитінің қорытындылары жобаны іске асыруға дайындық кезінде жіберілген жекелеген кемшіліктерді көрсетті.