2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Ішкі аудит департаменті 2019 жылдан бастап 2020 жылдың 2-тоқсанына дейінгі кезеңде жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру саласында шетел әдебиеттерін аударуға және оларды мемлекеттік тілде шығаруға бөлінген бюджет қаражатының сәйкестігіне және пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері білім беру ұйымдарының кітапхана қорларын үздік шетелдік әдебиеттермен толықтыру мақсатында шетел әдебиетін сатып алу және аудару бойынша іс-шаралар өткізді.
Аудит қорытындылары бюджет қаражатын пайдалану барысында жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктерді көрсетті.
Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру және алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ұсынымдар жолданды.