«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесі туралы

2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Ішкі аудит департаменті 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі мәтін бойынша - Университет) бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқару және пайдалану тиімділігіне аудит жүргізді.

Жалпы, Университет қызметі Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес келеді. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі шығынсыздықпен сипатталады, 2019-2020 жылдарға арналған даму жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Сонымен қатар, аудитпен қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың тиімділігіне әсер ететін Университет қызметінде жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Университетке қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру және алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ұсынымдар жолданды.

Дата публикации
03 июля 2021