Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс мәні:

 

2021-2022 оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

Конкурс ұйымдастырушысы:

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

    Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-22-84, 74-17-39, 74-16-70

 

Конкурс туралы ақпарат:

 Конкурс «2021-2022 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлу және               2021-2022 оқу жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы                           20 мамырдағы № 226 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурстық тапсырыста келесі құжаттар болу қажет:

  1. Жоғары оқу орнының өтінімінің нысаны;
  2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы;
  3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы;
  4. 2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан

кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімді, сауалнаманы, ақпараттық картаны және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды 2021 жылғы 7 шілде (қоса алғанда) сағат 12.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) Ұлттық тестілеу орталығының сайтында https://infomap.testcenter.kz сілтемесі бойынша толтыру керек.

 Конкурстық құжаттар жоғары оқу орнының бірінші басшысының ЭЦК қол қойылады.

Конкурстық құжаттың, оның ішінде ұсынылған ақпараттық картаның шынайылығына жоғары оқу орнының бірінші басшысы жауап береді.

Дата публикации
02 июля 2021