«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобасы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-баптың 5) тармақшасына сәйкес, Министрлік «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Осы қаулы жобасында «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша өту балдарын ұлғайту, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстырылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына бос және бас тарту білім беру гранттарын  мүмкіндігін беруді, сондай-ақ шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды енгізу жөнінде шешім қабылдауына байланысты республикалық комиссияның отырысын өткізу мерзімдерін өзгерту көзделеді.

Жоба 2021 жылғы 3 маусымда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=9208615 ).

Дата публикации
04 июня 2021