БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) базаларында индекстелінетін ғылыми басылымдар, сондай-ақ Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) базасында немесе Scopus (Скопус) базасында индекстелінетін шетелдік ғылыми басылымдар Басылымдар тізбесіне осы Талаптардың 2-тармағындағы нормалар қолданылмай автоматты түрде енгізіледі.
Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) базаларында немесе Scopus (Скопус) деректер базасында индекстелінетін отандық ғылыми басылымдар Басылымдар тізбесіне осы Талаптардың 2-тармағының 3) және 9) тармақшаларындағы нормаларға сәйкес болғанда енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Талаптардың 2 және 4-тармақтарына сәйкес келетін ғылыми басылым Басылымдар тізбесіне ұйымнан қолдаухат болған жағдайда енгізіледі. Қолдаухатқа осы Талаптардың 2 және 4-тармақтарына сәйкестігін растайтын ғылыми басылымның соңғы 12 (он екі) айда шыққан нөмірлері, құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
Басылымдар тізбесіне қосу туралы қолдаухат Комитетте тіркелген күнінен бастап Комитет 2 (екі) ай ішінде қарайды.
Осы Талаптардың 2-тармағына сәйкес келуін тексеру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетімен (бұдан әрі - Комитет) келісу негізінде мақалаларды беру мен рецензиялаудың онлайн жүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік беріледі.
Комитеттің ғылыми басылымды Басылымдар тізбесіне енгізу туралы шешімі Комитеттің интернет-ресурсында шешім қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Басылымдар тізбесіне енгізілгеннен кейін әр 3 (үш) жыл сайын не осы Талаптардың 2 немесе 4-тармақтарының бұзылу фактілері анықталған жағдайда ғылыми басылымды Комитет осы Талаптардың 2 немесе 4-тармақтарының талаптарына сәйкестігіне тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Комитет ғылыми басылымды Басылымдар тізбесінен шығару туралы шешім қабылдайды.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
|
А. Аймагамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
Комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 17.06.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 23058 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство образования и науки РК - Директор Акмарал Казхановна Кинжебаева, 03.06.2021 17:03:08, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 09.06.2021 17:49:16, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов, 10.06.2021 09:01:44, положительный результат проверки ЭЦП