Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Еуропа және Француз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы «Абай-Верн» бағдарламасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

2021 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мырза мен Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канесс мырза Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Еуропа және Француз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы «Абай-Верн» бағдарламасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

 

Ковид-19 пандемиясынан туындаған бір жыл мораторийден кейін Францияның Қазақстандағы елшілігі және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2021 оқу жылының басында франко-қазақстандық «Абай-Верн» ұтқырлық бағдарламасының қайта басталғаны туралы қуана хабарлайды.

 

2025 жылға дейін есептелген осы бағдарлама аясында жыл сайын екінші оқу жылында 30 магистрант және 5 докторант диссертацияларды бірлесіп дайындау үшін жіберілетін болады. Өтінімдерді беру шарттары мен мерзімдері алдағы бірнеше күнде Францияның Қазақстандағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланатын болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Еуропа және Француз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы «Абай-Верн» бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге 2018 жылғы 19 сәуірде қол қойылды.

 

2018 жылы "Абай-Верн" стипендиясы іске қосылған сәттен бастап 158 қазақстандық студент оны екі жыл ішінде пайдалана алды (2018-2019 және 2019-2020 жж.).

Дата публикации
15 июня 2021