ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУҒА СҰРАНЫМ

Жастар корпусын дамыту жобасы

№TF014174 Грант туралы келісім

Тапсырманың атауы: Білім және ғылым министрлігінің мектептен жұмысқа ауысу кезінде жастарды қолдау жөніндегі институционалдық әлеуетін жақсарту.

Келісімшарт № (сатып алулар жоспарына сәйкес): KZYCP/CS-CQS-09

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) жастардың қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру және қоғамдастықтың игілігі үшін, әсіресе жастардың әлеуметтік осал топтары арасында қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасын іске асыру арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мақсатында Жастар корпусын дамыту жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыруда.

 

Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізетін жастар саясатын тиімді іске асыруға ықпал етеді. Жоба қағидаттарының бірі жастардың оң дамуын мойындау, сондай-ақ жастардың қоғам өмірінде белсенді өмірлік ұстанымын құру үшін қосымша мүмкіндіктер беру болып табылады.

 

ТАПСЫРМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

Тапсырманың мақсаты болашақ білім мен мансап туралы ақпараттандырылған шешім қабылдау үшін мектептен жұмысқа ауысуда жастарды қолдау үшін ҚР БҒМ институционалдық әлеуетін жетілдіру болып табылады.

 

Міндеттері:

  1. ТжКБ ұйымдарының базасында Мансапты дамыту орталықтарын ашу және олардың жұмыс істеуі бойынша қадамдық жоспарды әзірлеу кезінде техникалық жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету.
  2. Мектеп оқушылары мен ТжКБ студенттерін қолдау бойынша Мансапты дамыту орталықтары қызметкерлерінің білім беру және кәсіптік траекторияны құру бойынша дағдыларын арттыру үшін тренерлер үшін тренингтер (ТТ) өткізу: тренингтер өткізу, менторлық қолдау, тренингтер материалдарын бейне форматқа аудару.

 

ЖҰМЫС КӨЛЕМІ

 

  1. Мансапты дамыту орталықтарын ашу және олардың жұмыс істеу алгоритмін талқылау және келісу үшін 2 фасилитациялық сессия өткізу;
  2. ТжКБ ұйымдарының базасында Мансапты дамыту орталықтарының қызметкерлері үшін тренерлер үшін тренингтер ұйымдастыру және курстан кейінгі тәлімгерлікті (менторлықты) қамтамасыз ету;
  3. Келесі тақырыптар бойынша электрондық оқыту курсын әзірлеу: жастардың білім беру және кәсіптік траекторияны құруға тарту және қызығушылығын арттыру, кәсіби диагностиканы жүргізу және түсіндіру, білім беру мен кәсіби дамудың жеке жоспарларын және тестілеу модулін құру.

 

Тапсырманы орындауға берілетін кезең - 5 (бес) ай.

ҚР БҒМ консультациялық қызметтер көрсетуге құқылы компанияларды (бұдан әрі – Консультант) өз қызметтерін ұсынуға қызығушылық танытуға шақырады. Мүдделі консультанттар олардың біліктілігін және қызмет көрсетуде тиісті тәжірибесінің болуын растайтын ақпаратты (брошюралар, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, осындай іс-шаралардағы тәжірибе, персоналдың тиісті дағдыларының болуы және т. б.), оның ішінде қажет болған жағдайда толық ақпарат алуға болатын ағымдағы және/немесе алдыңғы клиенттердің аттарын, компания атауларын және байланыс ақпаратын ұсынуы тиіс.

 

Консультант мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:

 

  1. Кәсіптік бағдарлау жұмысы, кәсіптік даму, жастарды дамыту салаларында кемінде 3 жыл жұмысты ұйымдастырудың расталған тәжірибесінің болуы (растайтын құжаттар қоса берілсін);

№

Зерттеу атауы

Орындау мерзімі

Іс-шара мақсаты

Нәтиже

Тапсырыс беруші жөнінде ақпарат (ТАЖ, лауазымы, телефоны)

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

  1. Консультанттың мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибесі, тренингтерді ұйымдастыру тәжірибесі болуы тиіс;
  2. Логистикалық қамтамасыз ету үшін серіктестік желісінің болуы (заңды және/немесе жеке тұлғалар) артықшылық болып табылады;
  3. Халықаралық тәжірибенің (халықаралық жобалардағы, оның ішінде Дүниежүзілік банктің жобаларында) болуы артықшылық болып табылады (растайтын құжаттарды қоса берілуі тиіс);
  4. Тапсырманы орындау үшін тиісті немесе біліктілігі жоғары, дағдылары мен тәжірибесі бар сарапшылардың/мамандардың болуы. Консультант мамандарының біліктілігін мынадай нысан бойынша көрсетуі тиіс:

 

Лауазымы

Талаптар

Үйлестіруші-ұйымдастырушы

Іс-шараларды ұйымдастыруда кемінде 3 жыл: конференциялар, дөңгелек үстелдер. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі-артықшылық болады, жастардың кәсіби дамуы, оқушылардың кәсіби бағдары саласындағы жұмыс тәжірибесі-артықшылық болады

Логистика маманы

Іс-шараларды ұйымдастыруда кемінде 3 жыл: конференциялар, дөңгелек үстелдер. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі-артықшылық болады

Кәсіптік бағдарлау жөніндегі маман

Кәсіби диагностика мен кеңес беруді қоса алғанда, оқушыларды кәсіптік бағдарлау саласында кемінде 3 жыл

Есепші

3 жылдан кем емес есеп жүргізу. Мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибесі артықшылық болып табылады

Ұлттық сарапшы-фасилитатор

Іс – шараларды модерациялау тәжірибесі кемінде 1 жыл, жастарды дамыту саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. Мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибесі артықшылық болып табылады

Ұлттық тренер 1-4

Жастарды кәсіби дамыту, оқушыларды кәсіби бағдарлау саласындағы тренерлерге арналған тренингтерді өткізу тәжірибесі кемінде 3 жыл, халықаралық ұйымдардың сертификаттарын ұсыну арқылы растау қажет. Жеке әзірленген тренинг бағдарламасының болуы артықшылық болып табылады

 

Консультанттың біліктілігін растайтын жоғарыда көрсетілген мәліметтер, егер олар бастапқыда өзге тілдерде жасалған болса, консультанттың мөрімен куәландырылған орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.

 

Мүдделі консультанттарды Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысы мәселесіндегі саясатын реттейтін «Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау» Дүниежүзілік Банк басшылығының 1.9-параграфына назар аударуын сұраймыз (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) ("Консультанттар басшылығы").

 

Консультанттар өздерінің біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе қосалқы мердігерлік консультациялық компаниялар нысанында басқа компаниялармен біріге алады. Консультант Консультанттардың басшылығында көрсетілген рәсімдерге сәйкес консультанттардың біліктілігі бойынша іріктеу әдісімен (CQS) таңдалады.

 

Қызығушылық таныту өтінімдері жазбаша немесе электрондық нысанда (pdf форматында) жауапты тұлғаның қол қоюымен төменде көрсетілген мекенжай бойынша (жеке өзі, пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы) 2021 жылғы 28 маусымға дейін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

 

Барлық сұрақтар бойынша ЖБТ заңгері Дастан Есеновке: 8 (7172) 644-037, 8 775 670 77 55 нөмірлеріне немесе келесі электрондық пошталар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: youthcorpsproject@gmail.com және yessenov.dn@gmail.com.

Жобаны басқару жөніндегі топ (ЖБТ)

010000, Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ., Сыганак к., 25,

 «Аңсар» бизнес орталығы, 10-қабат, 10/1-кеңсе

Электронды пошта: youthcorpsproject@gmail.com

 

 

Дата публикации
14 июня 2021