ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУҒА СҰРАНЫМ

Жастар корпусын дамыту жобасы

№TF014174 Грант туралы келісім

Тапсырманың атауы: Жастар саясаты саласында ҚР АҚДМ институционалдық дамуына қолдау көрсету.

Келісімшарт № (сатып алулар жоспарына сәйкес): KZYCP/CS-CQS-10

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) жастардың қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру және қоғамдастықтың игілігі үшін, әсіресе жастардың әлеуметтік осал топтары арасында қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасын іске асыру арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мақсатында Жастар корпусын дамыту жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыруда.

 

Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізетін жастар саясатын тиімді іске асыруға ықпал етеді. Жоба қағидаттарының бірі жастардың оң дамуын мойындау, сондай-ақ жастардың қоғам өмірінде белсенді өмірлік ұстанымын құру үшін қосымша мүмкіндіктер беру болып табылады.

 

ТАПСЫРМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

Тапсырманың мақсаты - жастармен жұмыс істеу тәсілдері мен құралдары бойынша ұсыныстар дайындау, әлеуметтік қызметкерлер мен осал жастармен жұмыс істеу мамандарының құзыреттілігін арттыру.

 

Міндеттері:

  1. Брейнштормның ведомствоаралық сессияларын төменде көрсетілген тақырыптар бойынша ұйымдастыру және үйлестіру арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар арасында жастар саясатына жалпы мемлекеттік тәсілді фасилитациялау (БҒМ, АҚДМ, ЕХӘДМ, СЖРА, "Атамекен" ҰКП өкілдерінің және Парламент Мәжілісінің мүшелері, сондай-ақ өңірлік атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен):
  2. халықаралық сарапшылардың консультациялары кезінде NEET-жастар мен осал жастарды анықтау, есептеу және табу тәсілдерін талқылау және келісу;
  3. Жастардың даму индексін есептеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • «Жастардың әлеуметтік қызметі» тұжырымдамасын құру және іске қосу тәсілін әзірлеу.
  1. Аутрич, бейресми білім беру және қиын өмірлік жағдайлардағы жастармен жұмыс бағыттары бойынша жастармен жұмыс жасауда олардың біліктілігін арттыру мақсатында Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері үшін тренерлер үшін тренингтер (ТТ) өткізу, сондай-ақ тренингтер материалдарын цифрлық форматқа көшіру (бейнедәрістер және тестілеуге арналған модуль).

 

ЖҰМЫС КӨЛЕМІ

 

  1. Жастармен жұмыс жасау құралдарын талқылау және келісу үшін 3 фасилитациялық сессия өткізу;
  2. Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған тренерлер тренингін (ТТ) ұйымдастыру;
  3. Келесі тақырыптар бойынша электрондық оқыту курсын әзірлеу: ақпараттық-түсіндіру жұмысы, формалды емес білім беру, әлсіз топтармен жұмыс және жастардың әлеуметтік қызметтері және тестілеу модульдері.

 

Тапсырманы орындауға берілетін кезең - 5 (бес) ай.

ҚР БҒМ консультациялық қызметтер көрсетуге құқылы компанияларды (бұдан әрі – Консультант) өз қызметтерін ұсынуға қызығушылық танытуға шақырады. Мүдделі консультанттар олардың біліктілігін және қызмет көрсетуде тиісті тәжірибесінің болуын растайтын ақпаратты (брошюралар, ұқсас тапсырмалардың сипаттамасы, осындай іс-шаралардағы тәжірибе, персоналдың тиісті дағдыларының болуы және т. б.), оның ішінде қажет болған жағдайда толық ақпарат алуға болатын ағымдағы және/немесе алдыңғы клиенттердің аттарын, компания атауларын және байланыс ақпаратын ұсынуы тиіс.

 

Консультант мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:

 

  1. Ұйымның жастар саясаты, жастармен жұмыс, саяси кеңес беру және зерттеу саласындағы кем дегенде 3 жылдық жұмыс тәжірибесінің болуы (растайтын құжаттар қоса берілсін);

№

Зерттеу атауы

Орындау мерзімі

Іс-шара мақсаты

Нәтиже

Тапсырыс беруші жөнінде ақпарат (ТАЖ, лауазымы, телефоны)

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

  1. Консультанттың мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі, республикалық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесінің болуы тиіс;
  2. Логистикалық қамтамасыз ету үшін серіктестік желісінің болуы (заңды және/немесе жеке тұлғалар) артықшылық болып табылады;
  3. Халықаралық тәжірибенің (халықаралық жобалардағы, оның ішінде Дүниежүзілік банктің жобаларында) болуы артықшылық болып табылады (растайтын құжаттарды қоса берілуі тиіс);
  4. Тапсырманы орындау үшін тиісті немесе біліктілігі жоғары, дағдылары мен тәжірибесі бар сарапшылардың/мамандардың болуы. Консультант мамандарының біліктілігін мынадай нысан бойынша көрсетуі тиіс:

 

Лауазымы

Талаптар

Үйлестіруші-ұйымдастырушы

Жобаны/топты басқаруда кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесі. Іс-шараларды ұйымдастыруда кем дегенде 3 жыл: конференциялар, дөңгелек үстелдер. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесінің болуы - артықшылық, жастардың біліктілігін арттыру, жастар саласындағы жұмыскерлерді даярлау, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру саласындағы тәжірибе артықшылық болып табылады

Логистика маманы

Іс-шараларды ұйымдастыруда кемінде 3 жылдық тәжірибе: конференциялар, дөңгелек үстелдер. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі-артықшылық болады

Жастар саясатын институционалдық дамыту жөніндегі маман

Байланысты жобаларды қоса алғанда, жастарды дамыту саласында кемінде 3 жыл. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады

Жастарды дамыту және білім беру технологиялары жөніндегі маман

Жастарды дамыту, тренингтер әзірлеу және өткізу саласында кем дегенде 3 жыл, оның ішінде жастар жұмысына арналған болуы тиіс. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады

Электрондық оқыту жөніндегі маман

Жастарды дамыту, онлайн-білім беру іс-шаралары және жастармен жұмыс істейтіндерге арналған тренингтер өткізуде кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады

Сатып алулар жөніндегі маман

Сатып алулар саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады

Заңнама бойынша маман

Заңнаманы талдау саласындағы адвокат ретіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Жастар саясаты туралы заңнаманы білу артықшылық болып табылады. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады

Есепші

Кемінде 3 жыл бухгалтерлік есеп жүргізу. Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады

NEET жастарды анықтау және есептеу үшін халықаралық сарапшы

Халықаралық еңбек ұйымының жобаларында кеңесші ретіндегі жұмыс тәжірибесінің болуы, NEET жастарын анықтау және есептеу тәжірибесінің болуы

Жастарды дамыту индексі бойынша халықаралық сарапшы

Жастар саласындағы халықаралық ұйымдарда (ЮНИСЕФ, ДБ, БҰҰДБ) жұмыс тәжірибесі, жастарға әлеуметтік қызмет көрсету, жастарды дамыту саласындағы тәжірибенің болуы

Фасилитациялық сессия жүргізушісі

3 жылдан кем емес эксперттік дөңгелек үстелдер, сессияларды модерациялау / фасилитациялау тәжірибесінің болуы. Фасилитация туралы куәлік - артықшылық

Халықаралық тренер

Аутрич NEET-жастар саласындағы тренерлерге арналған тренингтер өткізуде және күрделі өмірлік жағдайлардағы жастармен жұмыс істеуде кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Жеке әзірленген тренинг бағдарламасының болуы-артықшылық

Ұлттық тренер

Аутрич NEET-жастар саласындағы тренерлерге арналған тренингтер өткізуде және күрделі өмірлік жағдайлардағы жастармен жұмыс жасауда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Жеке әзірленген тренинг бағдарламасының болуы-артықшылық

 

Консультанттың біліктілігін растайтын жоғарыда көрсетілген мәліметтер, егер олар бастапқыда өзге тілдерде жасалған болса, консультанттың мөрімен куәландырылған орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.

 

Мүдделі консультанттарды Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысы мәселесіндегі саясатын реттейтін «Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау» Дүниежүзілік Банк басшылығының 1.9-параграфына назар аударуын сұраймыз (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) ("Консультанттар басшылығы").

 

Консультанттар өздерінің біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе қосалқы мердігерлік консультациялық компаниялар нысанында басқа компаниялармен біріге алады. Консультант Консультанттардың басшылығында көрсетілген рәсімдерге сәйкес консультанттардың біліктілігі бойынша іріктеу әдісімен (CQS) таңдалады.

 

Қызығушылық таныту өтінімдері жазбаша немесе электрондық нысанда (pdf форматында) жауапты тұлғаның қол қоюымен төменде көрсетілген мекенжай бойынша (жеке өзі, пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы) 2021 жылғы 28 маусымға дейін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

 

Барлық сұрақтар бойынша ЖБТ заңгері Дастан Есеновке: 8 (7172) 644-037, 8 775 670 77 55 нөмірлеріне немесе келесі электрондық пошталар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: youthcorpsproject@gmail.com және yessenov.dn@gmail.com.

Жобаны басқару жөніндегі топ (ЖБТ)

010000, Қазақстан Республикасы,

Нұр-Сұлтан қ., Сыганак к., 25,

 «Аңсар» бизнес орталығы, 10-қабат, 10/1-кеңсе

Электронды пошта: youthcorpsproject@gmail.com

 

 

Дата публикации
14 июня 2021