БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:
32-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«32. Түсушілер тестілеуге кіргізу барысында ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі.
Түсушілердің жеке басын сәйкестендіру тестілеуге рұқсаттама мен жеке басын куәландыратын құжаты негізінде, ал жасы он алтыға толмаған адамдар ағымдағы жылы орта білім беру ұйымын аяқтағаны туралы анықтама негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте, жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты бар және өтінішті онлайн тіркелу жолымен автоматтандырылған жүйе арқылы берген түсушілердің жеке басы бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіріледі және тестілеуге жіберіледі.
Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металл іздегіштер пайдаланылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу барысында түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа төмендегі тыйым салынған заттарды: ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар, оның ішінде пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, калькулятор, сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді алып кіруіне жол бермеу үшін рұқсат етілмейді.
Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда, тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына кіргізу барысында металл іздегішпен тыйым салынған заттар табылған тестіленушіні ғимараттан шығару туралы» акт жасайды және түсуші осы тестілеуге жіберілмейді»;
34-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«34. Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін, сонымен қатар металліздегіштер, аудиторияның (компьютерлік сыныптың) ауданына сәйкес рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде радиоэлектрондық және ұялы байланыс сигналдарын өшіретін және бейнебақылау құралдарын қолдануды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының басшылары немесе қалалық, аудандық білім бөлімдерінің (басқармаларының) басшылары тағайындалады»;
35-тармақта:
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«2) құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, тестілеу өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді»;
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«5) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) 135-қосымшаға сәйкес аудиторияның (компьютерлік сыныптың) ауданына сәйкес рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беретін құрылғыларды пайдалануды, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алуды ұйымдастырады»;
75-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«75. ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте оқуға түсушінің жеке басын көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы сәйкестендіру жүргізіледі.
Тестілеуге қосу кезінде қолмен және рамалық типтегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған ұялы байланыстың мынадай тыйым салынған заттарын, оның ішінде пейджерді, ұялы телефондарды, планшеттерді, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлерді), радио-электрондық байланыстың кез келген түрлерін, соның ішінде Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Bluetooth), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи) смарт сағат, калькулятор, сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер.
Тестілеуге жіберу барысында металл іздегішпен тексеру жүргізу кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына (электрондық форматта) металл іздегішпен анықталған кезде түсушіні ғимараттан шығару туралы» акт жасайды және түсуші осы тестілеуге және осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде өтетін тестілеуге жіберілмейді, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді.
Осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде екінші рет қатысқан кезде тестілеуге кіргізу барысында металліздегішпен тексеру жүргізу кезінде түсушіде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда бірінші рет тапсырған ҰБТ-ның нәтижелері жойылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына жіберілмейді.
Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидалардың 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адамды анықтау актісін (электрондық форматта)» жасайды, оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеуді өткізу кезінде аудиторияның (компьютерлік сыныптың) және бейнебақылаудың ауданына байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады»;
79-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«79. ҰБТ ұзақтығы - 240 минут (4 сағат).
Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін көзге арналған жаттығулар және дене жаттығуларына арналған 2 минут көлемінде үзіліс жүзеге асырылады.
120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 15 минут көлемінде үзіліс беріледі.
180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 65 минут.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ – ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы-130 минут.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін-80 минут»;
81-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«81. Түсуші осы Қағидалардың 80-тармағын бұзған жағдайда, тестілеу әкімшісі тестілеуді бақылаушылармен бірлесіп тыйым салынған заттарды табу және аудиторияда (компьютерлік сыныпта) мінез-құлық қағидаларын бұзған түсушіні аудиториядан (компьютерлік сыныптан) шығару актісін осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды. Оқуға түсуші осы тестілеуге және осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде өтетін тестілеуге, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді.
Оқуға түсушілер осы Қағидалардың 80-тармағын бұзған кезде осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде екінші рет ҰБТ нәтижелері бірінші рет жойылады және білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді»;
83-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
86-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«86. Осы Қағидалардың 81 және 82-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады. Электр қуаты ажыратылған жағдайда, тестіленушінің жұмыс орнында тестілеу процесі туралы деректер (тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптар, тестілеудің пайдаланылған уақытының саны) сақталады. Тестілеуді одан әрі жалғастырған кезде тестіленуші тестілеу процесі үзілген жерден тестілеу процесін жалғастырады»;
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалардың 1 және 2-қосымшалары осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалардың 8 және 30-қосымшалар алып тасталсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |