БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлінісінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормаларында:
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жеке оқу жоспарында көзделген мерзімде оқуды аяқтаудың мүмкін болмауына әкеп соққан, коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының салдарынан академиялық оқыту (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс) мерзімі ұзартылған жағдайда, тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу академиялық оқу елінің шығыстары нормаларының шегінде:
1) бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша оқитын стипендиаттар үшін 1 (бір) семестрден/триместрден артық емес;
2) докторантура бағдарламасы бойынша білім алатын стипендиаттар үшін 12 (он екі) айдан аспайтын мөлшерінде жүргізіледі.
Академиялық оқу мерзімі коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының салдарынан ұзартылған жағдайда оқу әдебиетін (материалдарын) сатып алуға арналған шығыстар сомасын есептеу жүргізілмейді.
Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жеке айқындаған мерзім шегінде жүргізіледі және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында белгіленген мерзімнен аспайды.
Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу кезеңі қайта бекітілген оқу жоспарына/жеке оқу жоспарына сәйкес нақты академиялық оқу кезеңі болып табылады.
Тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасы 2020 жылы коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының салдарынан өтініш жасаған адамдарға Комиссия шешімінде көрсетілген кезеңге академиялық оқуды ұзарту қажеттігі туралы қосымша есептеледі.
Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу үшін күндер санын есептеу осы шығыстар нормасының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Осы бұйрықтың 5-тармағының күші 2020 жылғы 11 наурыздан бастап коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының жағдайларында болған адамдарға қолданылады.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
|
А. Аймагамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2021 жылғы «5» мамыр
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 04.06.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 22936 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство образования и науки РК - Директор Акмарал Казхановна Кинжебаева, 25.05.2021 11:40:10, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 01.06.2021 11:46:22, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов, 03.06.2021 17:33:47, положительный результат проверки ЭЦП