Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ғылыми қызметкер - ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке адам;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлері:
1) үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;
2) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылуы;
3) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшеріндегі «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге;
ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қоса алғанда отыз бес жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға да берілуі мүмкін.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сыйлықтар алу үшiн жұмыстарды ұсыну құқығы меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарының және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрi – ұйымдар) консультативтік-кеңесші органдарына (ғылыми кеңестер) берiледi.»;
14-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 41-тармақпен толықтырылсын:
«41. Мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы сертификаттарды уәкілетті орган береді.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин