Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 15 – бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң), білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) Қоғамдық кеңестің құрамына енгізу үшін үміткерлерді (кеткен адамдардың орнына 3 адам, сондай-ақ 6 адамға жаңа мүшелер) сайлау туралы конкурс жариялайды.
Жаңа мүшелер жұмыс істеп тұрған Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзіміне 2022 жылғы 24 сәуірге дейін таңдалады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болуға тиіс;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға тиіс;
3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұруға міндетті.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес 2021 жылғы 4 маусымнан 17 маусымға дейінгі мерзімде коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан қоғамдық кеңеске кандидаттар бойынша Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес жазбаша нысанда ұсыныстар қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес пошталық немесе электрондық мекенжайға ұсыныстар береді.
Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау көрсетілген мерзімдерде күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сенбі және жексенбіден басқа күндері, Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 11-кіреберіс, Тел. 74-24-18, 87007005090 немесе электрондық пошта арқылы жүргізіледі: o.makhmutuly@edu.gov.kz