«Орта білім беруді жаңғырту» жобасын басқару тобы әкімшілік ассистент - аудармашының бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес орта білім беру сапасын, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті арттыру мақсатында «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.

ҚР БҒМ Жобаны басқару тобының  әкімшілік ассистент - аудармашының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Әкімшілік ассистент - аудармашы Жобаны басқару тобының құрамында (Нұр-Сұлтан қаласы) жұмыс істейтін болады және Қарыз туралы келісім, Жобаны бағалау туралы құжат, Дүниежүзілік банктің сатып алу жөніндегі нұсқаулығы және Жобаны пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптар мен рәсімдерге сәйкес жоба бойынша барлық құжаттарды (ауызша және жазбаша) аударады, ЖБТ-ның іс қағаздарын жоспарлауда, ұйымдастыруда және жүргізуде соның ішінде жергілікті және халықаралық жеткізушілер үшін жоба құжаттарын дайындауға, хат алмасуға және логистиканы жүргізу арқылы жоба үйлестірушісіне көмек көрсететін болады. 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • лингвистика саласындағы жоғары білім (шетел тілі/ шетел филологиясы/ аударма ісі/ ағылшын тілі мұғалімі/шетел тілі аудармашысы немесе баламалы мамандық бойынша);
  • аударма ісінде іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі кем дегенде 3 жыл болуы қажет;
  • халықаралық ұйымдардағы/ елшіліктердегі/ дипломатиялық миссияларда жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады;
  • пайдаланушы деңгейінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары (MS Office, Internet Explorer);
  • ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылар, іскерлік қарым-қатынас пен хат алмасудың тиімді дағдылары, ұйымдастыру мен баяндау дағдылары, топта жұмыс істей білу және мәселелерді шешуге бағытталу;
  • қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу.

Үміткерлердің назары 2011 жылғы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаудың 1.9-тармағына аударылуға тиіс, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысы туралы саясаты баяндалады.

Үміткерлер түйіндемесін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін 2021 жылғы 12 маусымға дейінгі мерзімде келесі электрондық поштаға жіберуі тиіс eduproject2022@gmail.com. Хаттың атауында «Әкімшілік ассистент - аудармашының бос лауазымына» деп көрсетілуі керек.

Талаптарға сай келетін үміткерлер сұхбатқа  шақырылады.

Байланыс тел. 8(7172)645796, 87776206535.

Дата публикации
03 июня 2021