Құрметті үміткерлер!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды еліміздің жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуға шақырады.
ҚР «Білім туралы» Заңының 5-бабына сәйкес «Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» бекітілді (ҚР БҒМ 2018 жылғы «8» қазандағы № 548 бұйрығы).
Стипендиялық бағдарламалар шетелдік азаматтарды Қазақстанның жоғары оқу орындарында Қазақстан қаражаты есебінен бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды көздейді. 2021 жылы бакалавриат - 490, магистратура - 50, докторантура - 10 білім беру бағдарламалары бойынша оқуға гранттар бөлінді.
Үміткерлерден өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 7 маусым мен 20 шілде аралығында жүргізіледі. Стипендиялық бағдарламаның операторы ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы болып табылады: веб-портал: www.enic-kazakhstan.kz, e-mail: admission@n-k.kz, телефон: 8 (7172) 287526.