«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды көрсеткен патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапаттау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым (әкімші) болып белгіленсін.
- Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин