Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының2021 жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтары нысандарының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-18-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының 2021 жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықпен бекітілген тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдасын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г.І. Көбеноваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                                     А. Аймағамбетов

 

Дата публикации
25 мая 2021