Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 277 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 277 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 495 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 277 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарда:

реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

9

Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты күшейтсін:

- білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына арналған он-лайн режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттарда жалпыға бірдей құқықтық оқуды өткізу;

- педагогикалық кадрлардың біліктілік арттырудың қысқа мерзімді курстарының бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша өз бетімен оқу жөнінде міндетті дәрістер мен оқу сабақтарын енгізу;

- лауазымдық тұлғалардың қызметтегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ақпараттарды жинау үшін сенім-телефон ашу, білім беру ұйымдарының сайтында электрондық сенім жәшік жасау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау үшін республикалық және аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларды жариялау

Министрге ақпарат берсін

Жарты жыл бойынша 2015-2017 жылдар

БҒМ, ЖАО

Вице-министр Е. Иманғалиев

 

МДОБАТД

(Ж.А. Жонтаева)

Есепті жылдан кейінгі

айдың 5-күнінен кешіктірмей

»;

 

               

 

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-1 жолмен толықтырылсын:

 

«

49-1

Ұқсас қызметтерді көрсету кезінде жосықсыз өнім берушілер деп танылған тұлғалардың орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуына тыйым салуды енгізу, сондай-ақ осындай тұлғалардың бірыңғай республикалық тізілімін қалыптастыру

нормативтік құқықтық акт

2016 жылғы 4-тоқсан

БҒМ

Вице-министр Е. Иманғалиев

 

БҚҚК

(Оразалиева З.Ж.)

МДОБАТД

(Ж.А. Жонтаева)

ӘД

(А.М. Қайырбекова)

 

».

 

 

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә. Қ. Ғалымоваға жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

міндетін атқарушы

 

Т. Балықбаев



Дата публикации
18 марта 2017