Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 277 бұйрығы

2015 - 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 277 бұйрығы
(2015.29.07. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын, «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысын, «Нұр Отан» партиясының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:

 

1. Қоса беріліп отырған 2015 - 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

 

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері:

 

1) Кешенді жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

 

2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Заң департаментіне Кешенді жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

 

3. Заң департаменті (І.О. Рамазанов) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік органдарға Кешенді жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

 

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.

 

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

 

 

Министр

                                                         А. Сәрінжіпов

Дата публикации
18 мая 2017