100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56 мекенжайында орналасқан «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшелерінің: Басқарма мүшесі – бірінші проректоры, Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі – тәрбие ісі жөніндегі проректоры бос лауазымдық орындарды иеленуге конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету.    

Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және зерттемелерді коммерциялау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім беру ұйымдарында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдығышта ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген нысандағы 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурс қатысушысының қызметтік тізімі;

4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, көшірмелері;

5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген психонервологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды иеленуге тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ Корпоративтік хатшысына мына мекен-жайы бойынша тапсыру қажет: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас ғимарат, 235 каб., телефон: 8 (7212) 56-75-96.

 

Дата публикации
12 мая 2021