Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті арттыру мақсатында "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.
ҚР БҒМ Жобаны басқарутобының қаржылық басқару жөніндегі маман бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қаржылық басқару жөніндегі маман жобаны басқару тобының құрамында (Нұр-Сұлтан қаласы) Жұмыс істейтін болады және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің қаржы саласындағы мамандарымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Қаржылық басқару жөніндегі маманның негізгі міндеттері: Министрлікке Қарыз туралы келісім, Жобаны бағалау туралы құжат, Дүниежүзілік банктің сатып алу жөніндегі нұсқаулығы және Жобаны пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптар мен рәсімдерге сәйкес Жоба шеңберінде қаржылық басқару жүйесін құру, оның ішінде бюджеттеу мен жоспарлауда қолдау көрсету; бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау, қаржылық есеп беруді жасау, қаржылық бақылау, қаражат қозғалысы мен сыртқы аудит басқару жұмыстары жүзеге асыру болып табылады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Үміткерлердің назары 2011 жылғы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаудың 1.9-тармағына аударылуға тиіс, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысы туралы саясаты баяндалады.
Үміткерлер түйіндемесін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін 2021 жылғы 14 мамырға дейінгі мерзімде келесі электрондық поштаға жіберуі тиіс eduproject2022@gmail.com. Хаттың атауында «қаржылық басқару жөніндегі маманның бос лауазымына» деп көрсетілуі керек.
Талаптарға сай келетін үміткерлер сұхбатқа шақырылады.
Байланыс тел. 8(7172)645796, 87776206535.