ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша Кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит

және тәуекелдер бойынша Кеңесі отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

сағ.12.00                                        №3                            30 сәуір 2021 жыл

607-каб.

 

Төрағалық еткен: М.М: Дәуленов

 

Қатысқандар: тізім бойынша (кворум бар)

Шақырылғандар: тізім бойынша

 

         Кеңес төрағасының болмауына байланысты Мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша Кеңесі туралы Ереженің 10-тармағына сәйкес Кеңес мүшелерімен Кеңес отырысының төрағасы функцияларын М.М. Дәуленовқа жүктеу мәселесі қарастырылды.

         Функцияларға дауыс беру нәтижесінде Кеңес ШЕШІМ ЕТТІ:

         Кеңестің осы отырысында Төраға функциялары М.М. Дәуленовқа жүктелсін.

         Иә - «10»;

         Қарсы - «жоқ»;

         Қалыс қалғандар – «жоқ».

 

 

Күн тәртібі:

 

«Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК және «Биомедпрепарат» ғылыми-аналитикалық орталығы» ЖШС

ҚР БҒМ өткізген ішкі мемлекеттік аудит қорытындыларына қарсылықтары

(М.М. Дәуленов, Кеңес мүшелері)

 

         Ішкі аудит департаментінің директоры Ғ.Ө. Молдаш «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК және «Биомедпрепарат» ғылыми-аналитикалық орталығы» ЖШС өткізілген ішкі аудит қорытындысымен және анықталған негізгі кемшіліктер мен бұзушылықтарымен таныстырып өтті.

         «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Е.М. Раманқұлов және «Биомедпрепарат» ғылыми-аналитикалық орталығы» ЖШС-нің директоры Т.Қ. Қайыркенов ішкі аудиттің жекелеген қорытындылары мен бұзушылықтар тармақтарына өз түсініктемелерін берді.

         Баяндаушылардың ақпараттары негізінде және талқылау барысын ескере отырып Кеңес ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2021 жылғы 26 ақпандағы №3 Аудиторлық есепке «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК -ның берген қарсылықтары бойынша барлық тармақтарды қанағаттандырудан бас тартылсын.

         Иә - «10»;

         Қарсы - «жоқ»;

         Қалыс қалғандар – «жоқ».

 

  1. 2021 жылғы 26 ақпандағы №3 Аудиторлық есепке «Биомедпрепарат» ғылыми-аналитикалық орталығы» ЖШС-нің қарсылықтары бойынша:

         - №2, №4 және №5 бұзушылықтар тармақтары бойынша қабылдансын және қанағаттандырылсын;

         - №1 және №3 бұзушылықтар тармақтары бойынша толығымен қанағаттандырылмасын.

Иә - «10»;

         Қарсы - «жоқ»;

         Қалыс қалғандар – «жоқ».

 

  1. Ішкі аудит департаменті 2 күн ішінде:

         - «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК-ны мен «Биомедпрепарат» ғылыми-аналитикалық орталығы» ЖШС-ін қарсылықтарды қарастыру нәтижесімен хабардар етсін;

         - Бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы шешімнің және Ішкі аудит қорытындылары туралы есептің жобаларын белгіленген тәртіпте енгізсін;

         - Мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша Кеңесі отырысының хаттамасын Министрліктің интернет ресурсында жарияласын.

Иә - «10»;

         Қарсы - «жоқ»;

         Қалыс қалғандар – «жоқ».

 

 

 

         Кеңес төрағасы                                                            М. Дәуленов

 

 

         Кеңес хатшысы                                                            А. Стықұлов

 

Дата публикации
30 апреля 2021