ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша Кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит

және тәуекелдер бойынша Кеңесі отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

сағ.15.00                                        №2                          30 наурыз 2021 жыл

907-каб.

 

 

Төрағалық еткен: М.М: Дәуленов

 

Қатысқандар: тізім бойынша (кворум бар)

 

Кеңес төрағасының болмауына байланысты Мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша Кеңесі туралы Ереженің 10-тармағына сәйкес Кеңес мүшелерімен Кеңес отырысының төрағасы функцияларын М.М. Дәуленовқа жүктеу мәселесі қарастырылды.

         Функцияларға дауыс беру нәтижесінде Кеңес ШЕШІМ ЕТТІ:

         Кеңестің осы отырысында Төраға функциялары М.М. Дәуленовқа жүктелсін.

         Иә - «10»;

         Қарсы - «жоқ»;

         Қалыс қалғандар – «жоқ».

 

Күн тәртібі:

 

І. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ 2020 жылғы желтоқсан – 2021 жылғы қаңтар аралығында ҚР БҒМ өткізген ішкі мемлекеттік аудит қорытындыларына қарсылықтары

(М.М. Дәуленов, Кеңес мүшелері, Ғ.Ө. Молдаш)

 

         «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның ректоры м.а. 2021 жылғы 28 қаңтардағы                     № 15-14-07/281 және 01.03.2021ж. №15-14-07/639 хаттарын қайтарып алу және қараусыз қалдыру жөніндегі 2021 жылғы 26 наурыздағы               №15-14-07-01/819 хатының негізінде Кеңес ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1 Аудиторлық есепке қарсылықтары қараусыз қалдырылсын.

         Иә - «10»;

         Қарсы - «жоқ»;

         Қалыс қалғандар – «жоқ».

 

 

 

ІІ. Ішкі аудит департаментінің 2020 жылғы жұмыс нәтижелері

және 2021 жылғы Жұмыс жоспары туралы

(М.М. Дәуленов, Кеңес мүшелері, Ғ.Ө. Молдаш)

 

  1. Ішкі аудит департаментінің 2020 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есебі және 2021 жылғы Жұмыс жоспары туралы ақпарат назарға алынсын.
  2. Ішкі аудит департаментіне:

         - Ішкі аудит нәтижелері туралы есептерде көрсетілген анықталған бұзушылықтар мен ұсынымдарды қарастыру жөніндегі шешімдердің орындалуын мониторингілеуін күшейтсін. Орындалу жөніндегі ақпаратты тоқсан сайын енгізсін;

         - 2021 жылдың 1 тоқсанында өкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың Жалпы және Процедуралық стандарттарын қолдану жөнінде семинар өткізсін;

         - ҚР мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды реттейтін заңнама актілерін үнемі қадағаласын;

         - аудиторлық іс-шараларды өткізу барысында жемқорлық тәуекелдерін жойсын;

         - СУРиФК деректер базасына материалдарды уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін.

  1. Ішкі аудит департаменті осы шешімнен туындайтын шараларды жүргізсін.

  

Иә - «10»;

         Қарсы - «жоқ»;

         Қалыс қалғандар – «жоқ».

 

 

         Кеңес төрағасы                                                              М. Дәуленов

 

 

         Кеңес хатшысы                                                              А. Стықұлов                                 

 

Дата публикации
30 марта 2021