ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит
және тәуекелдер бойынша Кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ
сағ.15.00 №1 1 наурыз 2021 жыл
907-каб.
Төрағалық еткен: М.М: Дәуленов
Қатысқандар: тізім бойынша (кворум бар)
Шақырылғандар: тізім бойынша
Кеңес төрағасының болмауына байланысты Мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша Кеңесі туралы Ереженің 10-тармағына сәйкес Кеңес мүшелерімен Кеңес отырысының төрағасы функцияларын М.М. Дәуленовқа жүктеу мәселесі қарастырылды.
Функцияларға дауыс беру нәтижесінде Кеңес ШЕШІМ ЕТТІ:
Кеңестің осы отырысында Төраға функциялары М.М. Дәуленовқа жүктелсін.
Иә - «9»;
Қарсы - «жоқ»;
Қалыс қалғандар – «жоқ».
Күн тәртібі:
І. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ ҚР БҒМ өткізген ішкі мемлекеттік аудит қорытындыларына қарсылықтары
(М.М. Дәуленов, Кеңес мүшелері, Ғ.Ө. Молдаш, Б.З. Бармағамбетов)
ҚазҰТЗУ-ің өкілі Б.З. Бармағамбетовпен 01.03.2021ж. №15-14-07/639 хатымен қосымша қарсылықтар енгізілгені туралы ақпарат жеткізілді, алайда ол қарсылықтар Кеңеске түспегені аталды.
Баяндаушылардың ақпараттары негізінде және талқылау барысын ескере отырып Кеңес ШЕШІМ ЕТТІ:
Иә - «9»;
Қарсы - «жоқ»;
Қалыс қалғандар – «жоқ».
ІІ. Ішкі аудит департаментінің 2020 жылғы жұмыс нәтижелері
және 2021 жылғы Жұмыс жоспары туралы
(М.М. Дәуленов, Кеңес мүшелері, Ғ.Ө. Молдаш)
Күн тәртібіндегі мәселені Кеңестің қайталау отырысында қарастыру жөнінде Кеңес төрағасынан ұсыныс түсті. Кеңестің отырыс 2021 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей өткізу белгіленді.
Иә - «9»;
Қарсы - «жоқ»;
Қалыс қалғандар – «жоқ».
ҚР Білім және ғылым вице-министрі,
Мемлекеттік аудит және тәуекелдер
бойынша Кеңесінің төрағасы М. Дәуленов
Мемлекеттік аудит және тәуекелдер
бойынша Кеңесінің хатшысы А. Стықұлов