Қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасында зиялылық мүмкіндігін қалыптастыруға көмектесу болып табылады.
Қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды балаларын анықтау, дамыту және шама мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы, мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Персоналды басқару қызметіне (811-каб.) тапсыру қажет, телефон: 8 (7172) 74-24-23.