2021 жылғы 1 тоқсандағы ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қысқаша ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаментімен 2021 жылғы I тоқсанда 3 аудиторлық іс-шара жүргізілді, олар:

- «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ;

- «Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ;

- «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК.

Жалпы ү.ж. 1 тоқсанында аудитпен жалпы қамтылған сома 28 010,0 млн. теңгені құрап, оның ішінде бюджеттік қаржы сомасы – 16 501,6 млн.теңге, квазимемлекеттік субъектілерінің активтері – 11 508,2 млн.теңге. 

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 162,4 млн.теңгені немесе аудитпен қамтылған қаражаты жалпы көлемінің 4,1%-ын құрап, оның ішінде:

 - қаржылық бұзушылықтар – 404,1 млн.теңге;

- рәсімдік бұзушылықтар – 758,3 млн.теңге.

Аудит жүргізу барысында 49,7 млн.теңге республикалық бюджетке өтелді,  есеп бойынша қалпына қайта келтірілген сома – 44,6 млн.теңге.

Сонымен бірге 2021 жылға бекітілген Тізбеге сәйкес ү.ж. 1 тоқсанында Министрлікпен 3 аудиторлық іс-шара жүргізілуде (4 объектіде), олардың қорытындылары ү.ж. 2 тоқсанында бекітіледі.

Дата публикации
05 апреля 2021