2020 жылы жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2020 жылы 13 мемлекеттік аудит объектіде ішкі аудит жүргізді, оның ішінде:

  1. «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМК;
  2. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ;
  3. «Ғылым қоры» АҚ;
  4. «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» РММ;
  5. «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК;
  6. «Қаржы орталығы» АҚ;
  7. «ҚР Білім және ғылым министрлігі» ММ;
  8. «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ
  9. «Talap» КЕАҚ
  10. «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ;
  11. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ;
  12. «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
  13. «ҚР Білім және ғылым министрлігі» ММ.

Есепті кезеңде өткізілген ішкі аудит қорытындылары бойынша аудит объектілеріне 14 шешім жолданды, онда барлығы 209 ұсыным мен тапсырмалар көрсетілген.

Мемлекеттік аудит объектілері 2020 жылдың ішінде 13 713,3 млн теңгені қалпына келтірді және республикалық бюджетке 65,0 млн теңге өтелді.

Әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке 18 жауапты қызметкер, 14 жеке және заңды тұлға 1,3 млн теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
18 января 2021