«2019 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №5-ІА бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«2019 жылға арналған мемлекеттік

 

аудит объектілерінің тізбесін бекіту

 

туралы»    Қазақстан   Республикасы

 

Білім     және     ғылым    министрінің

 

2018 жылғы 24 желтоқсандағы №5-ІА

 

бұйрығына   өзгеріс   енгізу туралы

 

 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 қаулысымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2019 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 5-ІА бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2019 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінен:

 

реттік нөмірлері 7, 8-жолдар алынып тасталсын.

 

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ішкі аудит департаменті директорының міндетін атқарушы С.Б. Шерубайдың 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №06/2259-вн қызметтік жазбасы.

 

 

 

 

 

Министр                                                                 А. Аймағамбетов

Дата публикации
26 декабря 2019