Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы 2016 жылға арналған ақпарат
ҚР БҒМ Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – ҚР БҒМ ІАД) 2016 жылғы 12 айдың қорытындылары бойынша мемлекеттік аудиттің 24 объектісіне аудиторлық іс-шаралар жүргізді. Аудитпен қамтылған қаражаттардың жалпы көлемі - 94 778 800,0 мың теңгені құрады.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 226 100,0 мың теңгені, оның ішінде:
- ағымдағы шығыстар бойынша бұзушылықтар 906 700,0 мың теңге соманы;
- мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзушылықтар жалпы сомасы 113 800,0 мың теңгені;
- бухгалтерлік есепті жүргізуді бұзушылықтар жалпы сомасы 76 700,0 мың теңгені;
- өзге де бұзушылықтар жалпы сомасы 470 500,0 мың теңгені:
- мемлекеттің активтерін басқару және пайдалану кезінде заңнаманы бұзушылықтар жалпы сомасы 694 400,0 мың теңгені құрады.
Бұзушылықтардың жалпы сомасынан:
- бюджетке қайтаруға – 97 200,0 мың теңге, толық көлемде қайтарылған – 74 600,0 мың теңге;
- бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге – 22 700,0 мың теңге жатады.
Үстіміздегі жылғы есепті кезең ішінде аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 24 шешім жолданды, олардың 3-еуі бойынша орындау мерзімі келген жоқ. Қалған объектілер бойынша тәртіптік жауапкершілікке - 48, оның ішінде:
- ескерту – 29;
- сөгіс – 15;
- қатаң сөгіс – 2;
- еңбек шартын бұзу түрінде -2 лауазымды адам тартылды