Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2017 жылғы аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы есебі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2017 жылдың 12 айының қорытыдысы бойынша 27 мемлекеттік аудит нысанында аудиторлық іс-шара жүргізді.    Аудитте қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 46 745,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде бұзушылықтар 12 пайыз мөлшерінде белгіленді. Бюджет кірісіне қалпына келтіруге және қайтаруға жататын қаражат көлемі анықталған бұзушылықтардың көлемінен 4 пайызды құрады. 

Аудит нысандарында жол берілген жүйелік бұзушылықтар мен кемшіліктер қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзушылық болып табылады.

Анықталған бұзушылықтарды жою үшін есептік кезеңде анықталған бұзушылықтарды жоюға жұмыс тиімділігін арттыру, мемлекеттік аудит нысанының  тікелей және түпкілікті нәтижелеріне жету мақсатында ішкі рәсімдерді, ережелерді, бизнес-процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстары бар 26 шешім қабылданды,  оның ішінде 3 нысанның  мерзімі аяқталмады. 

Есепті кезеңде қайтарылатын және өтелетін соманың 3/5 немесе 60 пайызы қалпына келтірілді және бюджеттің кірісіне қайтарылды. Сонымен бірге 50 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және әкімшілік жауапкершілікке тартылды - 2 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 386 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Тексерудің 2 нысаны бойынша ішкі мемлекеттік аудит материалдары рәсімдік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. 

Департаменттің қызметкерлері объектілерде ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану жөнінде консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Бұдан басқа, Департамент тұрақты және жүйелі түрде анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шешімдерді орындау жөнінде мониторингті жүзеге асырады.

Дата публикации
18 января 2018