ҚР БҒМ Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі –Департамент) есепті кезеңде 9 мемлекеттік аудиттің объектісіне аудиторлық іс – шаралар жүргізді.
Аудитпен қамтылған қаржы көлемі 25 790,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде 6,8 пайыз мөлшерінде бұзушылықтар анықталды. Қалпына келтіруге және өтеуге жататын қаражат сомасы анықталған бұзушылықтар көлемінен 3,6 % -ды құрады.
Ағымдағы жылдың есептілік кезеңінде мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін 7 шешім жолданды.
Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерімен қайтарылуы және орны толтырылуы тиіс соманың 78 пайызы өтелді және орнына келтірілген. Осыған орай, 15 қызметкерге қатысты тәртіптік шаралар қабылданды.
Департамент қызметкерлері ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданыстағы заңнамалық нормаларды қолдану бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
Департамент жүйелі түрде мемлекеттік аудит объектілерінде анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін жолдаған шешімдердің орындалуы бойынша объектілерде мониторингті жүзеге асырады.