ҚР БҒМ Ішкі аудит департаментінің 2018 жылдың аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы есебі

ҚР БҒМ Ішкі аудит департаменті  2018 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудиттің  20 объектісі бойынша аудиторлық іс – шаралар жүргізді, оның ішінде 1 объектінің материалдары жүзеге асу барысында.

Аудитпен қамтылған қаржы көлемі 27 408,3 млң.теңге, оның ішінде 7,9 пайыз көлемінде бұзушылықтар анықталды. Өтеу мен қалпына келтірілетін қаражаттың сомасы анықталған бұзушылықтардың көлемінен 2,8 пайызды құрады.  

Есеп беру кезеңінде мемлекеттік аудит анықталған бұзушылықтарды    және қаржылық тәуекелдердің алдын алу мақсатында жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін 19 шешім жіберген. Онда заңңамалық нормалардың талаптарын сақтау, ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар берілді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сақтау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша объектілерімен қайтарылуы және орны толтырылуы тиіс соманың 86 пайызы орнына келтірілген. Осыған орай, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке,  43 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, ҚР БҒМ Ішкі аудит департаментінің 2018 жылға арналған жұмыс көрсеткіштері туралы жалпыланған ақпарат негізінде есеп жасалып, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша уәкілетті органға жіберілді.

 «Мемлекеттік аудиттің қаржылық бақылаудың біріңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы №7-НҚ нормативтік қаулысына сәйкес

мемлекеттік ішкі аудит нәтижелері бойынша материалдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы бірыңғай дерекқорда орналастырылған.

Дата публикации
10 января 2020