Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминға
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің– Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына
түсіндірме жазба
1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері
«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысы, 2019 жылғы 26 шілдедегі Республикалық бюджет комиссиясының № 19 хаттамасы.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте жобаны іске асыруға келесі мөлшерлер қарастырылған (2019 жылғы 26 шілдедегі Республикалық бюджет комиссиясының № 19 хаттамасы):
1) оқуға: 2020 жылына - 1 906 300 теңге, 2021 жылына – 1 907 500 теңге, 2022 жылына – 1 907 518 теңге;
2) оқуға және жатақханада тұруды есептегенде: 2020 жылына – 2 804 200 теңге, 2021 жылына - 2 805 100 теңге, 2022 жылына – 2 805 200 теңге қарастырылған.
Жобаны іске асыруға шығыстардың жалпы сомасы 2020 жылында – 29 500 820 мың теңге, 2021 жылында – 29 683 981 мың теңге, 2022 жылында – 29 712 352 мың теңге құрайды.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша шығыстарды жұмсау қажеттігіне алып келмейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар
Жоба қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар болжанбайды.
5. Нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелердің мерзімі
Бюджеттік қаражаттардың нысаналы пайдаланылуы.
6. Жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.30.12. № 2305, 2010.07.06. № 532, 2011.27.05. № 719, 2012.19.01. № 129, 2012.21.02. № 246, 2013.24.05. № 515, 2015.22.12. № 1030, 2016.31.08. № 503, 2017.31.03. № 151, 2017.08.06. № 350; 2018.23.02. № 77; 2018.23.07. № 450 қаулыларымен өзгерістер мен толықтурылар енгізілді.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы
Талап етілмейді.
8. Халықаралық шартты ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат
Қаулының жобасы халықаралық шартқа жатпайды.
9. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны)
Қаулының жобасы www.edu.gov.kz Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында 201___ жылдың _____________ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (_____ кбайт).
11. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат
Талап етілмейді
12. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Талап етілмейді.
13. Үкімет актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов