2020-2021 оқу жылына арналған жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттары есебінен Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы                          № 58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінің 18, 19 және 23-тармақтарына және 2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия отырысының 2020 жылғы                    25 қарашадағы № 8 хаттамасы негізінде  БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттары есебінен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқу үшін білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті (Г.С. Шақаева) 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген студенттердің оқуына тиісті қаржы қарастырсын.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Д.Н. Смағұлов) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәліктерді рәсімдесін және үш жұмыс күні ішінде деректерді тиісті ЖЖОКБҰ-ға берсін.
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) осы бұйрықты тиісті ЖЖОКБҰ-ның назарына жеткізсін.
  5. ЖЖОКБҰ-ның ректорлары білім беру гранттарының иегерлерін студенттер қатарына қабылдауды қамтамасыз етсін.
  6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
  7. 7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Білім және ғылым министрі                                          А. Аймағамбетов

Дата публикации
21 декабря 2020