БҰЙЫРАМЫН:
1) «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелерді беру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Диссертация мынадай нысандардың бірінде ұсынылады:
Осы тармақтың талаптары орындалған жағдайда 6-тармақтың талаптары докторант үшін қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Комитетпен келісе отырып, ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар жарияланымдарға барынша жоғары талаптар белгілеуге құқылы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Диссертацияда:
1) бастапқы толық деректерді көрсете отырып, цитата алынған материалдардың немесе жекелеген нәтижелердің көздеріне;
2) докторанттың дербес немесе өзге авторлармен бірлесіп алынған әзірлемелерге арналған қорғау құжаттарына;
3) дербес немесе өзге авторлармен бірлесіп орындалған диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстарға сілтеме жасалады.
Диссертацияда плагиат анықталған жағдайда, диссертациялық кеңес немесе Комитет қайта қорғау құқығынсыз теріс шешім қабылдайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Сараптау кеңесінің отырысы Сараптау кеңесі төрағасының, ол болмаған жағдайда төраға орынбасарының басшылығымен өтеді.
Сараптау кеңесінің отырысы бекітілген құрамының кемінде 2/3-сі (үштен екісі) болған жағдайда заңды болып саналады.
Комитет шешімінің негізінде Сараптау кеңесінің отырысын бейнеконференция нысанында өткізуге рұқсат беріледі. Бұл ретте:
отырысқа қатысатындардың визуалды идентификациясы;
отырысқа қатысушылардың баяндамаларының үзіліссіз бейне- және аудиотрансляциясы қамтамасыз етіледі.
Сараптау кеңесі мүшелерінің қатысуы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келу парағымен расталады.
Сараптау кеңестерінің жұмыс материалдары Комитетте сақталады.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Сараптау кеңесі ашық дауыс беру арқылы мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі берілсін;
2) диссертация пысықтауға жіберілсін (диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалған жағдайлардан басқа);
3) диссертация қайта қорғауға жіберілсін;
4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тартылсын.
Сараптау кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешімі, егер оған отырысқа қатысқан Сараптау кеңесі мүшелерінің 3/4 (төрттен үші) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Сараптау кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту, диссертацияны пысықтауға не қайта қорғауға жіберу туралы шешімі, егер оған отырысқа қатысқан Сараптау кеңесі мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Егер дауыстар көрсетілген санға жетпесе, қайта дауыс беру өткізіледі, онда диссертацияны пысықтауға не, егер оған отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.
Диссертациялық жұмыс, егер онда мәтін бойынша елеусіз ескертулер болса, оны түзету жұмыстың мәнін өзгертпесе, пысықтауға жіберіледі. Егер диссертация осы Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармақтарына сәйкес келмесе және (немесе) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда, диссертация бойынша философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Диссертацияны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданғанда Сараптау кеңесінің қорытындысында (осы Қағидаларға 1-қосымша) диссертациялық жұмыс бойынша нақты ескертулер көрсетіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сараптау кеңесінің қорытындысы қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Комитет диссертацияны пысықтауға немесе қайта қорғауға жіберу немесе докторантқа философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру/беруден бас тарту туралы тиісті бұйрық шығарады.
Диссертацияны пысықтауға, қайта қорғауға немесе докторантқа философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанда Комитет Сараптау кеңесінің қорытындысын диссертациялық кеңеске және докторантқа бұйрық шыққан күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде жолдайды.
Пысықталған диссертациялық жұмыс Сараптау кеңесіне үш айлық мерзімде ұсынылады, оны 3 айдан артық мерзімге ұзартуға болмайды. Пысықтау мерзімін ұзарту туралы шешімді Сараптау кеңесі докторанттың ерікті нысандағы өтініші негізінде қабылдайды. Егер пысықталған диссертациялық жұмыс белгіленген мерзімде ұсынылмаса, онда докторант қайта қорғаудан өтеді.
Сараптау кеңесі пысықталған диссертациялық жұмысты сараптау кеңесінің ескертулерін жою тұрғысынан талқылауды жүргізеді, содан кейін салыстырмалы көпшілік дауыспен дәреже беру немесе қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады. Қайта қорғау алдыңғы қорғаудан кейін кемінде 6 айдан кейін өткізіледі.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беруден бас тартылған жағдайда, докторант диссертацияны алдыңғы қорғаудан кем дегенде 6 (алты) айдан кейін қайта қорғауға ұсынады.»;
Дәрежелерді беру Қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
|
А. Аймагамбетов |