«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңестікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа қосымшада «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесі»

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген Білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесінің мазмұнында

«БҒМ-НІҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА, 2020-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«БҒМ-НІҢ 2020-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ»;

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 



64-1

«Мың бала» ауыл мектептері үшін Ұлттық зияткерлік олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 5 және 6сынып оқушыларының үлесі»

»;

«2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ» деген бөлімінде

  1. «Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 1 жастан 6 жасқа дейін, 3 жастан 6 жасқа дейін, % деген индикаторда «Есептеу формуласы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Есептеу формуласы

H= G÷F ×100%, мұндағы:

H – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту: 1 жастан 6 жасқа дейін, 3 жастан 6 жасқа дейін (түзетілген таза қамту),

G – мектепке дейінгі ұйымдармен және мектептердің мектепалды сыныптарымен қамтылған 3 жастан 6 жасқа дейінгі (1-6) балалар саны,

F – мектептердің бастауыш сыныптарына баратын 5-6 жастағы балалар санын шегергендегі 3 жастан 6 (1-6) жасқа дейінгі балалар саны; мектепке дейінгі ұйымдармен, мектептердің мектепалды сыныптарымен қамтылған 3 жастан 6 (1-6) жасқа дейінгі балалар саны және мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды есепке алмағанда кезекте тіркелген балалар саны

                                                                                                                 »;

 

  1. «Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ТжКБ оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналастырылған бітірушілердің үлесі, %» деген индикаторда «Есептеу формуласы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Есептеу формуласы

H= G÷F ×100%, мұндағы:

H – есепті жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ТжКБ оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі,

G – есепті жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған ТжКБ оқу орнының жұмысқа орналасқан бітірушілерінің саны,

F – есепті жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған ТжКБ оқу орындары түлектерінің жалпы саны (оқуды жалғастыру үшін оқуға түскендерді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған, жүкті және бала тууға байланысты демалыстағы, елден тыс жерлерге кеткендерді қоспағанда)

 »;

  1. «Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналастырылған бітірушілердің үлесі» деген индикаторда «Есептеу формуласы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Есептеу формуласы

H= G÷F ×100%, мұндағы:

H – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі,

G – есепті жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жоғары оқу орындарының жұмысқа орналасқан түлектерінің саны,

F – есепті жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған ЖОО түлектерінің жалпы саны («Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес еңбекпен өтеу міндетінен босатылған түлектерді қоспағанда)

»;

  1. «Кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген, педагогикалық мамандықтар бойынша енгізілген білім беру бағдарламаларының үлесі» деген көрсеткіште «Есептеу формуласы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Есептеу формуласы

H= G÷F ×100%, мұндағы:

H – кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген педагогикалық мамандықтар бойынша енгізілген білім беру бағдарламаларының үлесі,

G – кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген педагогикалық бағыт бойынша енгізілген білім беру бағдарламаларының саны,

F – педагогикалық бағыт бойынша енгізілген білім беру бағдарламаларының жалпы саны

                                                                                                                 »;

 

  1. «Қосымша біліммен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі, оның ішінде қалада, ауылда %» деген көрсеткіш мынадай редакцияда жазылсын:

«


11. Көрсеткіш

Қосымша біліммен қамтылған мектеп оқушыларының  үлесі, оның ішінде қалада, ауылда %

Сипаттама

Қала мен ауылда қосымша білім берумен қамтылған балалар санының қала мен ауылдағы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жалпы санына арақатынасы

Мақсатты қолданылуы

Қосымша білім беруді дамыту мониторингі

Есептеу формуласы

H = G ÷ F × 100%, мұндағы:

H – қосымша білім берумен, оның ішінде қалада, ауылда қамтылған оқушылардың үлесі,

G – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде қалада, ауылда қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың жалпы саны (қайталаусыз),

F – жалпы орта білім беретін, оның ішінде қаладағы, ауылдағы оқушылардың жалпы саны.

 

В = C ÷ D × 100%, мұндағы:

В – қаладағы қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі,

C – қаладағы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында қосымша білім берумен қамтылған оқушылар саны (қайталаусыз),

D – қаладағы жалпы орта білім беретін оқушылардың жалпы саны.

 

L = M ÷ N × 100%, мұндағы:

L – ауылда қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі,

M – ауылдағы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында қосымша білім берумен қамтылған оқушылар саны (қайталаусыз),

N – ауылдағы жалпы орта білім беру оқушыларының жалпы саны

Деректер көзі

 

П-1 «Мектептердің жалпы саны және оқушылар саны»,                          П-39 «Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептердегі қызығушылығы бойынша спорт секцияларына және үйірмелерге қатысатын балалар туралы мәліметтер» (I Бөлім), ВУ-1 2 бөлім Қосымша білім беру ұйымдарының контингенті туралы мәліметтер. «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығы

Жауапты орындаушы

Жергілікті атқарушы органдар

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Индикатордың бағдарламалық құжаттарда қолданылуы

ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-25 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

                                                                                                                           »;

«БҒМ-НІҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА, 2020-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«БҒМ-НІҢ 2020-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ»;

  1. «Біліктілікті арттыру курстарынан өткен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің үлесі» деген индикаторда «Деректер көзі» және «Жауапты орындаушы» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

Деректер көзі

 

«Өрлеу БАҰО» АҚ, «НЗМ» ДББҰ есептік ақпараты

(Мемлекеттік тапсырма)

Жауапты орындаушы

«Өрлеу БАҰО» АҚ, «НЗМ» ДББҰ

ҚР Білім және ғылым министрлігі

»;

  1. «Педагогтердің жалпы санынан біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі» деген индикаторда «Деректер көзі» және «Жауапты орындаушы» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

Деректер көзі

 

«Өрлеу БАҰО», «НЗМ» ДББҰ-ның есептік ақпараты»

(Мемлекеттік тапсырма)

Жауапты орындаушы

«НЗМ» ДББҰ, «Өрлеу БАҰО» АҚ, ҚР Білім және ғылым министрлігі

                                                                                                                             »;

  1. «3-9-сыныптағы балалардың жалпы санынан оңалтудан және сауықтырудан өткен балалардың үлесі» деген индикаторда «Деректер көзі» және «Индикатордың бағдарламалық құжаттарда қолданылуы» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

Деректер көзі

ҚР БҒМ МДОБК ресми деректері

Индикатордың бағдарламалық құжаттарда қолданылуы

2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар

 

»;

  1. «Жаңартылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын және оқу процесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізетін мемлекеттік колледждердің педагог қызметкерлерінің үлесі» деген индикатор мынадай редакцияда жазылсын:

«



59. Индикатор

Жаңартылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын және оқу процесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізетін мемлекеттік колледждердің педагог қызметкерлерінің үлесі

Сипаттама

Жаңартылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын және оқу процесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізетін ТжКБ ұйымдары педагогтерінің ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің жалпы санына арақатынасы

Мақсатты қолданылуы

ТжКБ ұйымдары көрсететін қызметтер сапасының мониторингі

ТжКБ мемлекеттік ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мониторингі

Есептеу формуласы

H = G ÷F × 100%, мұндағы:

H – жаңартылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын және оқу процесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізетін педагогтердің үлесі,

G – 2021 жылмен салыстырғанда индикатордың өсуін ескере отырып, оқу процесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізетін педагогтер мемлекеттік ТжКБ ұйымдарының саны,

F – мемлекеттік ТжКБ ұйымдары педагогтерінің жалпы саны

Деректер көзі

№ ТП-5 нысаны «Меншік нысандары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер», «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 8 тамыздағы № 398 бұйрығы

Жауапты орындаушы

«Talap» КЕАҚ

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Индикатордың бағдарламалық құжаттарда қолданылуы

2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

»;

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«



64-1. Индикатор

Мың бала» ауыл мектептері үшін Ұлттық зияткерлік олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 5 және 6- сынып оқушыларының үлесі»

Сипаттама

«Мың бала» ауыл мектептері үшін Ұлттық зияткерлік олимпиадаға қатысқан Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушылары санының Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушыларының жалпы санына арақатынасы

Мақсатты қолданылуы

Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларын олимпиадалық қозғалыстармен қамту мониторингі

Есептеу формуласы

H = G ÷ F × 100, мұндағы:

H – «Мың бала» ауыл мектептері үшін Ұлттық зияткерлік олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 5 және 6- сынып оқушыларының үлесі,

G – «Мың бала» ауыл мектептері үшін Ұлттық зияткерлік олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 5 және 6- сынып оқушыларының саны,

F – ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушыларының жалпы саны

Деректер көзі

«Елбасы академиясы» корпоративтік қорының ресми деректері (Мемлекеттік тапсырма)

Жауапты орындаушы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті

Индикатордың бағдарламалық құжаттарда қолданылуы

2020-2024 жылдарға аналған Стратегиялық жоспары

                                                                                                                         

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Э.М. Төлеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы Қ.М. Сәрсембаевқа жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы

 

 

Ш. Каринова

 

Дата публикации
25 марта 2021