Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                             2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113 – құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

 

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

«21. Гранттың мөлшерлері:

 

1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 906 300 (бір миллион тоғыз жүз алты мың үш жүз) теңгені;

 

2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 804 200 (екі миллион сегіз жүз төрт мың екі жүз) теңгені құрайды.

 

Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».

 

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

            

 

Қазақстан Республикасының
                 Премьер-Министрі                                                                   А. Мамин



Дата публикации
15 января 2020