«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің– Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің– Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына

 

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

 

 

Р/с

№

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме. Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудің мәнін

2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің– Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері

1.

21-тармақ

21. Гранттың мөлшерлері:

1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына                   1 903 820 (бір миллион тоғыз жүз үш мың сегіз жүз жиырма) теңгені;

2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 801 376 (екі миллион сегіз жүз бір мың үш жүз жетпіс алты) теңгені құрайды.

Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.

 

21. Гранттың мөлшерлері:

1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 906 300 (бір миллион тоғыз жүз алты мың үш жүз) теңгені;

2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 804 200 (екі миллион сегіз жүз төрт мың екі жүз) теңгені құрайды.

Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.

«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикалық Заңынына сәйкес «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» 099 республикалық бюджеттік бағдарламада «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» 101 кіші бағдарламада дарынды балаларды оқытуына және тәрбиелеуге шығындар көзделген.

«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген                           2020 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде көрсетілетін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдағы білім беру және тәрбиелеу жөніндегі қызметтер» мемлекеттік тапсырманы орындауға 29 500 820 тыс. тенге сомасында бюджет қаражаты бөлінген.

2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте жобаны іске асыруға келесі мөлшерлер қарастырылған (2019 жылғы 26 шілдедегі Республикалық бюджет комиссиясының № 19 хаттамасы):

1) оқуға: 2020 жылына - 1 906 300 теңге, 2021 жылына – 1 907 500 теңге, 2022 жылына – 1 907 518 теңге;

2) оқуға және жатақханада тұруды есептегенде: 2020 жылына - 2 804 200 теңге, 2021 жылына - 2 805 100 теңге, 2022 жылына –                     2 805 200 теңге қарастырылған. Осыған орай, білім беру гранттын мөлшерлерін 2019 жылғы 26 шілдедегі № 19 хаттамасы Республикалық бюджет комиссиясының шешіміне сәйкестендіру қажет. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 3-бабы                            1-тармағының                                  38) тармақшасына сәйкес қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып                                                31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі. «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикалық Заңы 2020 жылы                                              1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.   Тиісінше, қаражат республикалық бюджеттен 2020 жылы                                              1 қаңтардан бастап бөлінеді.

Осыған байланысты,                   21-тармақты 2020 жылдың             1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлуі тиіс.

 

         

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым вице-министрі                                                    Б. Асылова

Сравнительная таблица к проекту постановления Правительства Республики Казахстан «О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Дата публикации
15 января 2020