«Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 604-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесінде:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом».

15, 16 және 17 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Магистр ғылыми дәрежесі берілетін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом.

  1. Сала бойынша докторы дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом.
  2. Дипломға үш тілдегі қосымшалардың (транскрипт) мемлекеттік үлгідегі бланкілері.»;

28, 29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын

«28. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (маман).

  1. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом (маман).
  2. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (жай).
  3. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом (үздік).».
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

Дата публикации
18 марта 2021